Футболдан әлем чемпионаты 2014



Футболдан әлем чемпионаты 2014 (, ) — ФИФА-ның 20-шы футболдан әлем чемпионаты, финалдық кезеңі 2014 жылдың 12 маусым мен 13 шілде күндері аралығында Бразилияда өтті. Ашылу матчы Сан-Паулуда, ал финалы Рио-де-Жанейродағы Маракана стадионында орын алды.

Әлем чемпионаттары үшiн құрлықтарды ротациялау қағидасына байланысты, 2014 жылдың чемпионаты Оңтүстік Америкада өту керек болды және Бразилия сол чемпионатты өткізуге ниет білдірген жалғыз ғана ел еді. Қалған оңтүстік америкалық елдер 2003 жылы Бразилия үміткерлігін қолдаған. Бразилиямен таласуға талпынысты Колумбия ғана жасады, бірақ оның кандидатурасы тез арада қайтарылды, өйткені Колумбия 1986 жылдың футболдан әлем чемпионатын өткізу керек еді, бірақ өз міндеттерін атқара алмай, чемпионатты екінші рет Мексика өткізген болатын.

Кейінірек ФИФА ротация принципі өзгеретінін жариялады. Енді 2018 жылдың чемпионатын өткізу құқығына қатысатын кандидаттар додасына, соңғы екі чемпионатты (КАФ және КОНМЕБОЛ) өткізген елдерден басқа, барлық конфедерациялардан елдер сынға түседі. 

Бразилия өз жерінде чемпионатты екі рет өткізген бесінші ел болды (Мексика, Италия, Франция және Германиядан кейін). Осыған дейін Бразилияда футболдан әлем чемпионаты 1950 жылы өткен болатын.

ӘЧ-2014 іріктеу айналымы 2011 жылдың маусым айында басталып, 2013 жылдың қараша айында аяқталды. Финалдық жарысқа шығатындар:

Бразилия қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде чемпионат қатысушысы болды. Жалпы саны 32 ұлттық құрама сәйкесінше құрлықтық ұйымдардан әлем чемпионатына квалификацияланды.

Барлық 8-сегіз топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған командалар 1/8 финалға шығады. Командалардың турнирлік кестедегі орны келесі көрсеткіштер бойынша анықталады:



